Қостанайда жолаушыларға арналған 54 жаңа автобус сатып алынбақ

430

Қостанай қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Данияр Сәбитов 2023 жылға арналған жоспарлар туралы айтты, деп жазады inbusiness.kz top-news.kz порталына сілтеме жасап.

Қостанайда жолаушыларға арналған 54 жаңа автобус сатып алынбақ Фото: top-news.kz

Оның айтуынша, биыл сыйымдылығы 90 жолаушыға арналған 54 жаңа автобусты сатып алу жоспарланған.

"Біздің азаматтардың көп уақыты аялдамаларда өтетіндіктен, биыл инфрақұрылымды, мобильділікті жақсарту және қостанайлықтар үшін қолайлы жағдай жасау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз", - деп атап өтті Данияр Сәбитов аппараттық кеңесте.

ТКШ бөлімі басшысының сөзінше, былтыр 127 млн теңгеге 100 жаңа аялдама орнатылды.

"2023 жылы қалада кондиционерлермен, электр пештерімен, мобильді телефондарды зарядтауға арналған құрылғылармен, Wi-Fi, iKomek-те шығатын ішкі және периметрі бойынша бейнекамералармен жабдықталған 10 жылы аялдама павильондарын орнату жоспарланып отыр. Олар білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің жанында, адамдар көп жиналатын жерлерде пайда болады. Бұл жобаны іске асыруға 150 млн теңге қажет", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу