ҚТЖ биылғы астықты тасымалдауға дайын ба

2312

Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы астықты үздіксіз тасымалдау үшін локомотив парктерін толықтыру шараларын қолға алып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚТЖ биылғы астықты тасымалдауға дайын ба

"Вагондар легі ретімен пайдаланылған  жағдайда жаңа егінді парктегі қолда бар көлікпен тасуға болады. Локомотив маневрлеріне келетін болсақ, Ақмола және Қостанай облысындағы  жол бөліктерінде проблема жоқ. Дей тұрғанмен, қарбалас кезеңінде локомотивке  деген сұраныс артады. Осының бәрін ескере отыра, "ҚТЖ" ҰК"  локомотив парктерін толықтыру үшін бірқатар іс-шараларды қолға алды", - деп атап өтті "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Оралхан Құлақов астық тасымалын ұйымдастыру мәселесі қаралған жиында.

Қазақстан паркінде 9,3 мың дана тасымал құралы бар. Оның 6,2 мыңы  астықтың 56%  тасымалдауды жүзеге асыратын "АстықТранс" АҚ иелігінде.

Жалпы  астық тасымалдау көлігі 7% көбейді. Отандық жабық вагондар паркінде 13 мың дана болса, оның 8 мыңы "Қазтеміртранс" АҚ меншігі, шамамен 5 мыңдайы жекеде. Мәсәлелерді шұғыл түрде шешу үшін ҚТЖ аппаратында астық тасымалдау штабы құрылды, негізгі астық тиейтін жол бөліктерінде шұғыл топ күндіз-түні жұмыс істейді.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу