ҚТЖ мен оның еншілес компанияларына заң бұзуға қатысты 19 ұйғарым шығарылды

339

Мониторинг аясында 42 ұйымның 424 қызметі тексерілді. 

ҚТЖ мен оның еншілес компанияларына заң бұзуға қатысты 19 ұйғарым шығарылды Фото: gov.kz

"Қазақстан темір жолы" мен оның еншілес компаниялары қызметіне мониторинг жүргізіліп, 81 қызмет түрі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің келісімінсіз жүзеге асырылғаны анықталды, деп хабарлайды  inbusiness.kz агенттікке сілтеме жасап.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2022 жылы жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу мәніне "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ компаниялар тобының қызметіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг аясына 42 ұйымның 424 қызметі тексерілді. Айта кетсек, 42 компанияның 14-і мониторингпен қамтылмаған, оның ішінде: 7 – Қазақстан Республикасының резиденті емес, 7 – акциялардың (қатысу үлестерінің) 50%-дан аспайтын үлесі бар бірлескен кәсіпорын.

Осылайша, талданған 424 қызмет түрінің 81-і Агенттіктің келісімінсіз жүзеге асырылып келгені анықталды.

Агенттік ҚТЖ және оның ұйымдас компанияларына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларын бұзуды тоқтату туралы 19 ұйғарым шығарды.

Атап айтқанда, ҚТЖ, "Кедентранссервис" АҚ, "Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС, "Қазақстанның көлік холдингі" ЖШС, "KTZ Express" АҚ, "KTZ EXPRESS SHIPPING" ЖШС, "Теміржолсу" АҚ, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС, "ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері" ЖШС, "Порт Құрық" ЖШС келісілмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруды тоқтату немесе оларды белгіленген тәртіппен келісу туралы ұйғарым шығарылды.

Осындай мониторинг аймақтардағы әлеуметтік саланың 251 мемлекеттік кәсіпорнында да жүргізілді. Мониторинг аясында 59 субъектінің іс-әрекеттерінде заң бұзушылықтар бары анықталды және оларды тоқтату туралы ұйғарымдар жолданды.

2023 жылға арналған жоспарларға сәйкес мұндай жұмыс "Самұрық-Қазына" АҚ-ға кіретін жекелеген кәсіпорындар бойынша да жалғасады, олардың ішінде: "Қазақтелеком" АҚ, "Қазпошта" АҚ, "Самұрық-Қазына Келісімшарт" ЖШС, "Самұрық Қазына Бизнес Сервис" ЖШС, "Самұрық Қазына Инвест" ЖШС, "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС.

2022 жылы мемлекеттің кәсіпкерлікке негізсіз қатысуын қысқарту жөніндегі кезекті шара ретінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне квазимемлекеттік кәсіпорындардың мониторингі бойынша құзырет берілген болатын. Мониторинг жүзеге асырылатын қызмет түрлерін құру, кеңейту және (немесе) өзгерту кезінде монополияға қарсы органның келісімін алу тұрғысынан квазимемлекеттік компаниялар қызметінің жүзеге асырылатын түрлерін салыстыруды білдіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу