ҚТЖ-ның департамент директоры 5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

820

Күдікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде ұсталып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚТЖ-ның департамент директоры 5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

"ҚТЖ" "ҰК" АҚ – "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының Жол және құрылыстар департаментінің директоры ұсталды. Ол ұзақ уақыт бойы жүйелі негізде қызметі бойынша жалпы қамқорлығы үшін аумақтық бөлімшелердің басшыларынан ақшалай қаражат алған. Барлығы 5 млн теңгеден астам қаражат алынды", деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен.

Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Кінәлілік туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу