"ҚТЖ" тасымал жоспарын орындай алмай жатыр

654

Жолаушы тасымалы кеміп, жүк тасымалы артуда. 

"ҚТЖ" тасымал жоспарын орындай алмай жатыр

"ҚТЖ" жыл соңына дейін тасымал жоспарының 40 %-ын ғана орындауы мүмкін. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі дирекция басшысы Алмасадам Сатқалиев айтты. 

"Жаңартылған жоспарды есепке алғанның өзінде жыл соңына дейін тасымал межесі 60 %-ға орындалмауы мүмкін. Бұл жерде біз жолаушы ағыны туралы айтып отырмыз. Жарты жылдың қорытындысы бойынша жолаушылар тасымалдау жоспарының 53 пайыздық орындалмау динамикасын көрсеткен болатынбыз. Ал жалпы тасымал туралы айтсақ, жүк тасымалында жағымды динамика байқалуда. Алғашқы жартыжылдықта контейнерлік тасымал бойынша жоспар 20 %-ға артық орындалды. Басқа да өндірістік процестер теңгенің әлсірегеніне қарамастан, компанияның қаржылық мүмкіндіктерін сақтауға жағдай жасады. Жалпы жаңа түзетілген жоспар бойынша жолашуылар тасымалының межесі орындалмайды деп сепетеп отырмыз. Компанияның басқа бағыттағы қызметтері бойынша жоспар артық орындалады деп күтеміз", – деді Амласадам Сатқалиев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу