Қызылорда облысында жол апатынан мыжылған көлік ішінде қалып кеткен қос әйел құтқарылды

200

Әйел адамдар жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.    

Қызылорда облысында жол апатынан мыжылған көлік ішінде қалып кеткен қос әйел құтқарылды Фото: ҚР ТЖМ

Қызылорда облысының құтқарушылары Баймұрат ауданында жол апаты салдарынан мыжылып қалған көлік ішіндегі адамдарды сыртқа шығаруға көмектесті.

Жантүршігерлік жол апаты бүгін, 27 сәуірде Шымкент-Самара тас жолы бойында орын алды, деп хабарлайды ТЖМ.

Қызылорда облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық авариялық-құтқару жабдығының көмегімен мыжылған көлік ішіндегі екі әйелді сыртқа шығарып алып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу