Қызылордадағы ЖЭО-ға 5 млн теңге айыппұл салынған

254

Бүгінде мекеме бұл соманы толық төледі. 

Қызылордадағы ЖЭО-ға 5 млн теңге айыппұл салынған Фото: Inbusiness.kz

Қызылорда облысының прокуратурасы Жылу орталығының заңсыз әрекеттерін анықтады, деп жазады inbusiness.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, құзырлы орган "Қызылорда жылу электр орталығы" ШЖҚ МКК-ның қызметіне тексеру жүргізген.

Нәтижесінде ЖЭО жылумен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарға артық талаптарды енгізіп, тұтынушылардың құқықтарының шектелгені анықталды.

“Жылу орталығы тұтынушыларға техникалық шартты беру барысында жылумен жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанында қарастырылмаған қосымша құрылғылар орнатуды міндеттеген. Аталған талаптар тұтынушылар үшін 10 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін қосымша шығындар әкелуі мүмкін. Бұндай артық талаппен Жылу орталығы 2022-2023 жылдары 100-ден аса техникалық шарт берген”, - делінген хабарламада.

Осыған орай облыс прокуратурасы 18 тамызда облыс әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізіп, оның қаралуымен техникалық шарттағы артық талаптар алынып тасталды. Ал ЖЭО басшылығы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

“Жылу орталығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 164-бабының 4-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 млн теңге айыппұл салынған (толық төленді)”, - деп хабарлады облыстық прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу