banner

Мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің айлығы 55%-ға көтеріледі

794

Бұл жоспар алдағы екі жылдың ішінде жүзеге асырылмақ.  

Мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің айлығы 55%-ға көтеріледі Фото: gov.kz

Былтыр мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің еңбекақысы 23%-ға көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, биыл шығармашылық жоғары оқу орындарындағы концертмейстерлер, үрмелі музыкалық аспаптарда ойнайтын мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлері, би ансамблі әртістерінің де еңбекақысын көтеру жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайтуды тапсырған болатын.

Биыл жыл басынан сала қызметкерлерінің еңбекақысы тағы 22%-ға артты. Алдағы екі жылда мәдениет және архив ісі қызметкерлерінің айлығы 55%-ға көтеріледі.

Сондай-ақ "Ұлттық" мәртебесі бар мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы екі есеге жуық өсті. Бүгінде елімізде осы санатқа жататын 5 ұйым бар. Министрлік алдағы уақытта аталған нысандардың тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу