Несиесі кешірілген қазақстандықтар тағы да қарыз астында қалды

484

Олардың жартысының проблемалық берешегі бар.

Несиесі кешірілген қазақстандықтар тағы да қарыз астында қалды Фото: canva.com

2019 жылы несиесі кешірілген қарыз алушылардың көп бөлігі тағы несие алған. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер спикерден "Несие амнистиясынан кейін тағы қарыз алған адамдардың саны туралы ақпарат бар ма?" деп сұрады. 

"Біз бұл жағдайға талдау жүргіздік. 2019 жылы несие амнистиясына қатысқан қарыз алушылардың көп бөлігі тағы несие алған. Оның ішінде жартысында проблемалық қарызы бар. Сондықтан бұл азаматтардың төлем қабілеттілігіне қатысты дұрыс баға берумен байланысты. Бүгінгі заң жобасы несие берудің стандарттарын күшейтуге, сонымен қатар проблемалық қарызға ие болған борышкерлердің қарыз борыштарын азайтуға бағытталады", - деді агенттік төрағасы.

Айта кету керек, осыған дейін елімізде 47 мың студенттің проблемалық несиесі бар екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу