Несиесі көп 12 қазақстандық өзіне қол жұмсаған – ІІМ

306

Ведомствоның хабарлауынша, несиесін өтеу мақсатында қылмысқа барып жатқандар азаматтар да жоқ емес. 

Несиесі көп 12 қазақстандық өзіне қол жұмсаған – ІІМ Фото: inbusiness.kz

Биыл Қазақстанда несиеге белшесінен батқан 12 адам өзіне қол салған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Тым көп несие алу және оны төлеудің мүмкін еместігі салдарынан қарыз алушылардың өз-өзіне қол жұмсауы ғана емес, қылмысқа бару фактілері де орын алып жатыр. Биыл несиеге белшесінен батқан 12 азамат өз-өзіне қол жұмсады", - деді ол. 

Игорь Лепеханың мәліметінше, қайғылы жағдайлар Алматы қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарында тіркелді.

"Бұдан бөлек несиесін өтеу үшін қажетті ақшаны "табу" мақсатында қарызға белшесінен батқан тағы 40 азамат түрлі қылмыс жасады. Оның ішінде олар тонау, қарақшылық және ұрлыққа барған", - деді спикер Мәжілісте өткен Парламенттік тыңдауда.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстанда 8,4 млн-нан астам адамның несиесі бар екенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу