Ойынқұмарларға арнап жеке заң шығарылмақ

350

Қазақстанда лудомания дертіне шалдыққандардың саны 350 мыңнан асады

Ойынқұмарларға арнап жеке заң шығарылмақ Фото: inbusiness.kz

Жиған-тергенін құмар ойынына салатындарға арналған жеке заң қабылдануы мүмкін. Бүгін Сенат депутаттарының қоғамдағы өзекті мәселе бойынша қойған сауалына Үкімет өкілдері осылай жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.   

"Осы күзде лудомания бойынша жеке заң жобасы қаралады. Бірақ контентті лудомания немесе басқа деп бөліп-жарып таңбаламаймыз. Нормативтік-құқықтық актілерде біз қарастыратын барлық контент таңбалау ережесіне жатады", - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Евгений Кочетов.

Қазақстанда лудомания дертіне шалдыққандардың саны 350 мыңнан асатыны бұған дейін бірнеше рет айтылған. Олардың дені - жастар.

Сенат спикері "заң аясында бұл құбылысқа тоқтау қою керек"- деді. Мәулен Әшімбаев Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, көпке созбай бұл проблеманы шешуге кірісуді ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу