Оңтүстік Кореяда ұсталған екінші отандасымыз 15 жылға сотталуы мүмкін

565

Оңтүстік Кореяда шекарадан заңсыз өтпек болған Қазақстанның екі азаматы қамауда отыр.  

Оңтүстік Кореяда ұсталған екінші отандасымыз 15 жылға сотталуы мүмкін Фото: instagram/korea_komek

Бұл туралы Оңтүстік Корея пабликтері мен әлеуметтік желілерден белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

Инстаграммдағы Korea Komek парақшасының мәліметінше, ұсталғандар - Түркістан облысының тумасы.

"2002 және 2005 жылы туған екі жігіт 25 наурызда Өзбекстаннан Korea Air әуекомпаниясының ұшағымен Кореяға келген. Құжаттарының дұрыс болмауына байланысты кеден қызметкері оларды елге кіргізбей, депортацияны күту залына жіберген. Олар депортация рейсін күту кезінде, 26 наурызда таңғы сағат 4:20 шамасында әуежайдың ұшу-қону жолағы жанындағы үш метрлік қоршаудан асып, қашып кеткен", - делінген хабарламада.

Екеуі де кінәларын мойындап, туған жерінде отбасын асырау үшін жұмысқа ұшып келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларды шекараны заңсыз кесіп өтіп, қашып кетті деп айыптады. Қазір екі азамат қамауда отыр.

Корея билігінен 3 күн бойы жасырынып, ақыры ұсталған екінші қазақстандық алдағы 3 айды жергілікті түрмеде өткізеді.

Корея заңы бойынша, Қазақстан азаматы 15 жылға сотталуы мүмкін. Бірақ оның өз еркімен берілуі жауапкершілікті жеңілдететін жағдай ретінде ескеріледі.

Айта кетейік, жерлестеріміздің біреуі Инчхон әуежайынан қашып кетіп артынан полицияға өз еркімен берілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу