Өскеменде АЭС салу бойынша қоғамдық талқылау өтті

246

Қазір Қазақстан бойынша баламалы энергия өндіретін 139 нысан бар.

Өскеменде АЭС салу бойынша қоғамдық талқылау өтті Фото: Inbusiness.kz

Қазақстанда электр энергиясына деген сұраныс жыл сайын 3 пайызға артып келеді. Сондықтан алдағы он жылда елде қуаты 12 гигаваттық станция салу қажет. Өйткені елдегі жылу электр орталықтарының 80 пайызға жуығы тозып тұр деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Qazaqstan ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.

Стратегиялық нысандарды жаңғыртуға миллиардтаған қаржы керек. Сондықтан еліміз бұл мақсатта жаңартылған энергия көздерін дамытуды біртіндеп қолға алып жатыр. Қазір Қазақстан бойынша баламалы энергия өндіретін 139 нысан бар. Желден электр өндіретін 57 ал күннен қуат алатын 44 станция жұмыс істейді.

Енді елде атом-электр стансасын салу қарастырылып жатыр. Президент биылғы жолдауында бұл мәселеге қатысты жалпыхалық референдум өткізілетінін айтты. Сондықтан қоғамның пікірі өте маңызды. Кезекті тыңдау бүгін Өскеменде өтті. Оған энергетика, атом саласының мамандары мен экологтар және қоғам белсенділері қатысты.

"Бүкіл әлем дамып жатыр. Қазіргі уақытта әлемде 412 реактор жұмыс істейді. Оның ішінде АҚШ-та 93, Францияда 56 реактор бар. Көмірден істейтін стансаларды қаржыландыру өте қиын болып тұр.Себебі әлемдегі қаржы институттары қаржы бөлмейді.Себебі көміртегі бейтарапты мақсаттарға жету үшін ондай стансаларды қысқарту керек болып тұр", - дейді ҚР энергетика министрлігінің департамент директоры Гүлмира Мұрсалова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу