Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты: 15 адам эвакуацияланды

503

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты: 15 адам эвакуацияланды Фото: inform.kz

Бүгін 2023 жылғы 5 сәуірде Өскемендегі 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД бөлімшелері оқиға орнына келген кезде бірінші қабаттағы пәтер өртеніп, балкон да отқа оранған. Өрттің жоғары температурасынан жоғарыдағы қабатта орналасқан балконның сыртқы қаптамасы зардап шекті. 

Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар түтін басқан кіреберістен баспалдақ арқылы 15 тұрғынды эвакуациялады, олардың арасында бір бала бар. Эвакуацияланғандардың барлығы "Вахта" автокөлігіне орналастырылды.

"Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттері арқасында өрт жалпы ауданы 20 шаршы метрде сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау", делінген ТЖМ хабарламасында.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 21 адам және 7 бірлік техника жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу