ДДСҰ басшысы: Пандемия 2022 жылы аяқталуы бек мүмкін

2741

Әлем халқының 70%-ы келесі жылдың ортасына дейін вакцина ектірген жағдайда ғана індет басылады. 

ДДСҰ басшысы: Пандемия 2022 жылы аяқталуы бек мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустық пандемия 2022 жылы аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, әлем халқының 70%ы келесі жылдың ортасына дейін вакцина ектірген жағдайда ғана індет басылады. 

Гебрейесус "омикрон" "дельтаға" қарағанда едәуір тезірек жұғатынын айтты. Бұл штамның вакцинацияланғандар мен бұрын ауырғандар үшін де қауіпті екенін растады.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мелита Вуйнович коронавирустың "омикрон" штамы дертке қарсы "тірі вакцина" бола алатынын және пандемияны жеңуге септігін тигізе алатынын айтқан еді. Бірақ бұл штамды жұқтырғандар қатары аз болғандықтан, бұл туралы айтуға ерте екенін мәлім етті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу