Пара алғаны үшін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Шымкент филиалының басшылығы мен қызметкерлері сотталды

444

Олар туыстары мен таныстарын жұмысқа орналастырғаны үшін пара алып отырған.  

Пара алғаны үшін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Шымкент филиалының басшылығы мен қызметкерлері сотталды Фото: 1tv.kz

Пара алды деп күдікке ілінген "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Шымкент филиалының басшылығы мен қызметкерлеріне сот үкімі шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Шымкент қаласы бойынша филиалының басшысы А.Арысбаев пен филиалдың еңбек қатынастары жөніндегі инспекторы, сондай-ақ ҚТЖ ұлттық компаниясы Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің жетекші маманы Б.Арысбаева парақорлық үшін сотталды. 

Аталған адамдар туыстары мен таныстарын жұмысқа орналастырғаны үшін, сондай-ақ қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін жүйелі түрде 20 мыңнан 200 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алып келген.

"Сотталғандарға 200 мыңнан 13 млн теңгеге дейін (жалпы сомасы 18 млн теңгеден астам) айыппұл түрінде жаза тағайындалып, өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", деп жазды Дәурен Ерғарин.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу