Павлодар облысында үш адам жол апатынан зардап шекті

488

Жол-көлік оқиғасы Астана-Павлодар автожолының 358 шақырымында Пограничник ауылының жанында орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Павлодар облысында үш адам жол апатынан зардап шекті Фото: pavlodarnews.kz

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 ақпанда Toyota Camry-50 автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тоқтап тұрған Volvo жүк автокөлігінің тіркемесінің артқы бөлігімен қақтығысқан.

Жол көлік оқиғасынан салдарынан Toyota автокөлігінің жүргізушісі және 1984 және 2000 жылы туған жолаушылары әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Автокөліктер айып тұрағына қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу