Павлодарда жүк вагондарынан ферроқорытпа өнімдерін ұрлаған бір топ адам ұсталды

393

Павлодар облысының көлік полицейлері жүк вагондарынан ферроқорытпа өнімдерін ұрлаған бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды  inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда жүк вагондарынан ферроқорытпа өнімдерін ұрлаған бір топ адам ұсталды Фото: polisia.kz

Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақсу қаласының төрт тұрғынын анықтап, ұстады. Қылмыстық топ алдын ала сөз байласу арқылы Ақсу-1 станциясындағы жүк вагондарынан ферроқорытпа өнімдерін бірнеше рет ұрлаған.

Қылмыс жасалған кезде олардың екеуі теміржол ұйымының қызметкерлері болған. Қасақана жасалған қылмыстық әрекеттер салдарынан “ҚАЗХРОМ” ТҰК” АҚ филиалының Ақсу ферроқорытпа зауытына 5 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілген.

Аталған дерекке қатысты көлік полицейлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Павлодар облысының Ақсу қалалық соты аталған топ мүшелерін кінәлі деп танып, мүлкі тәркіленіп, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге үкім шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу