Петропавлда әкімдіктің 1,5 мың пәтері жалға берілген

457

Петропавлда облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің балансында тұрған иесіз пәтерлерді анықтады. Олардың барлығы жалға берілген, деп хабарлайды inbusiness.kz Петропавловск.news. сайтына сілтеме жасап.

Петропавлда әкімдіктің 1,5 мың пәтері жалға берілген Фото: pkzsk.info

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Сергей Перовтың айтуынша, жоғарыда аталған пәтерлер қала әкімдігінің балансында болған, бірақ оларға ешқандай құжат болмаған.

Бұл ретте тұрғын үйлер заңсыз жалға берілген.

"Шын мәнінде пәтерлер иесіз болған. Бұл жағдай Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегі кадрлардың көп ауысуына байланысты туындаған шығар. Қазіргі қала басшылығы бұл пәтерлердің бар-жоғын білмеген де болды", - деп түсіндірді облыстық антикор басқармасының бастығы Сергей Перов.

"Біздің мамандар бұл пәтерлерді аралап шықты. Олардың көпшілігінде келісім-шартсыз, бюджетке пәтерақысын төлемеген бейтаныс адамдар тұрады. Қазіргі уақытта бұл тұрғын үйге толық талдау жүргізілуде.Заңсыз тұрып жатқан адамдар үйлерінен шығарылып, мұқтаж азаматтарға орналастырылады".

Тұрғын үй комиссиясының үйді бөлу процесі де заң талаптарына сәйкес келмеді. Антикор жетім балалар санатындағы азаматтарды себепсіз баспанаға мұқтаждар тізімінен шығарудың 1360 фактісін анықтады. Кезекте тұрмаған тұлғаларға пәтер берудің 70 фактісі тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу