Петропавлда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

609

Бұл шешім 7 мамырда өрттен зардап шеккендерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және өрт салдарын жою мақсатында қабылданған.  

Петропавлда техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды Фото: Ақ Жайық

Петропавл қаласының аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

"Ашық НҚА" порталында қала әкімінің шешім жобасыжария етілді.

"Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Петропавл қаласы әкімінің орынбасары  Ә.Б. Әубәкіров техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою бойынша басшы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын", - делінген құжатта.

Петропавл қаласының әкімінің шешімі 7 мамырдағы өрттен зардап шеккен тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, өрт салдарын жою мақсатында қабылданған. 

"Негізгі міндет – мүлікті бағалау, өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарға материалдық залалды өтеу және тұрғын үй беру", - деп жазылған түсіндірме жазбада.

Айта кету керек, 7 мамыр күні Петропавлдағы "Береке" ықшамауданында қамыс жанып, арты үлкен өртке ұласты. Салдарынан 40 адамды қауіпсіз жерге шығарылды. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өрттен зардап шеккендер уақытша баспанамен қамтылатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу