"Qazaq Oil-мен табысқа жетіңіз": алаяқтар әлеуметтік желілерде жалған хабар таратуда

6337

Әлеуметтік желілер пайдаланушылары Qazaq Oil-мен бірге табыс табуға шақыратын жарнамалардың қаптап кеткенін байқаған. 

"Qazaq Oil-мен табысқа жетіңіз": алаяқтар әлеуметтік желілерде жалған хабар таратуда

Бұл хабарландырудың Qazaq Oil-ге ешқандай қатысы жоқ, оның барлығы алаяқтар ісі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Компания Қазақстан азаматтарының қаражатын ешқандай инвестициялық жобаларға тартпайтынын мәлімдейді. Таратылатын жарнама жалған, алаяқтардың қитұрқы әрекеті.

Алаяқтардың Qazaq Oil атын жамылып, компания беделіне нұқсан келтіру әрекеттері бірінші рет емес.

Қазақстандықтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Компанияның қызметі туралы ақпарат тек www.qazaqoil.kz ресми сайтында не компанияның әлеуметтік желілер беттерінде жарияланатынын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу