Ресей аумағындағы Есіл өзені тасыды

166

Түмен облысында, 30 сәуірде сағат 14:00-де су деңгейі қауіпті деңгейге жетіп, 1005 сантиметрді құрады.

Ресей аумағындағы Есіл өзені тасыды Фото: rtek24.ru

Соңғы сегіз сағат ішінде су деңгейі 29 сантиметрге көтерілді, деп жазады inbusiness.kz аймақтық үкіметтің ақпараттық орталығының мәліметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Түмен облысы Арбат муниципалды ауданының басшысы Игорь Васильев ауданда бес ауыл су астында қалғанын айтқан болатын. Бір күн бұрын көршілес Абатское ауылында Есіл өзеніндегі су деңгейі 1215 сантиметрден асқан, бұл жердегі қауіпті су деңгейі 960 сантиметрді құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу