Ресей Сбербанкінің қарағандылық филиалында жалған металлургтер 1,5 млн теңгедей несие алған

1227

Ресей Сбербанкінің қарағандылық филиалында жалған металлургтер 1,5 млн теңгедей несие алған

"АрселорМиттал Темірта" АҚ-ның жалған металлургтері мен кеншілері Қарағандыдағы "Ресей Сбербанкі" АҚ бөлімшесінен бірнеше миллиондаған несие алған, деп мәлім етті Kazakhstan Today агенттігіне Қазыбекби аудандық соты. Бұл туралы ekaraganda.kz жазып отыр.

Тергеу органы несие алаяқтығын "Сбербанк" АҚ-ның қарағандылық филиалының қауіпсіздік қызметі басшысы ұйымдастырғанын анықтады.

Тергеу мәліметі бойынша, банк қызмет төлем қабілеті жоқ клиенттерді қабылдап, оларға тұтынушылық несие рәсімдеген. Берілген қарыз сомасы 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін жетеді. Ақшаның негізгі бөлігі соттың пікірінше, үш айыпталушының қалтасына түсіп отырған. Полицейлер 88 жалған несие дерегін анықтап отыр. Оларда қарыз алушының жұмыс орны, жоғары жалақысы және қомақты зейнетақы аударымдары туралы жалған мәліметтер көрсетілген. Қарыз алушылардың басым көпшілігі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметкерлері болып келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу