Ресейде Президентікке төрт үміткер таласады

295

Ресей Федерациясының президенті лауазымына РЛДП жетекшісі Леонид Слуцкий, РФ Коммунистік партиясының мүшесі Николай Харитонов, қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путин және "Новые люди" партиясының мүшесі Владислав Даванков таласады, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.  

Ресейде Президентікке төрт үміткер таласады Фото: grozny.tv

Бұған дейін РФ Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Сергей Малинкович ("Коммунисты России") пен Борис Надеждинді ("Гражданская инициатива") сайлауға тіркеуден бас тартқан болатын.

Сонымен Слуцкий, Харитонов, Путин және Даванков 10 ақпанда аяқталатын тіркеу кезеңінен сәтті өтті.

Айта кетейік, Ресейде президенттік сайлау 2024 жылдың 17 наурызында өтеді.

РФ ОСК Ресей Федерациясының президенттігіне өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде қазіргі көшбасшы Владимир Путинді тіркеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу