Ресейдің бітімгер әскері Қарабақтан кете бастады

155

Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті. 

Ресейдің бітімгер әскері Қарабақтан кете бастады Фото: warhead.su

"Иә, бұл рас", - деп жауап берді Кремль өкілі журналистердің әзербайжандық БАҚ-тың Қарабақтан ресейлік бітімгершілік күштерінің шығарыла бастағаны туралы ақпаратын растау туралы өтінішіне.

Trend өткен күні әлеуметтік желілерде Ресейдің бітімгершілік контингентіне тиесілі әскери техниканы Әзербайжаннан шығару процесі көрсетілген кадрлар пайда болды деп жазды. Бірақ бұл туралы ресми пікір болған жоқ.

10 сәуірде Ресей бітімгерлері Калбаджардағы Худавенг монастырь кешенінен кетті. Қазіргі уақытта оны Әзербайжан полициясы күзетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу