"Самұрық-Қазына" қорының қарызы шамамен 10 трлн теңге – Сәтқалиев

621

Оның көп бөлігі "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақстан темір жолы" компанияларына тиесілі. 

"Самұрық-Қазына" қорының қарызы шамамен 10 трлн теңге – Сәтқалиев

"Самұрық-Қазына" Қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қор компанияларының қарызы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазір қордың жалпы қарызы шамамен 10 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде ең көп үлес "ҚазМұнайГаз", ҚТЖ және қор қарызына тиесілі", – деді Алмасадам Сәтқалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Спикердің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" компаниясына қаржы тиімді жобаларына тартылған.

"Қазір мұнай бағасы айтарлықтай жоғары, сондықтан бұл қарыздарды қайтаруда тәуекелдер жоқ. Ол жобалар өзін-өзі ақтайды деп есептейміз. Қордың жобаларында да солай. Қарыз Қашағандағы үлесті сатып алу үшін тартылды, бұл біздің қоржындағы негізгі үлес. Директорлар кеңесі деңгейінде бұл акцияны "ҚазМұнайГаз" кері сатып алатыны туралы келісімге қол жеткізіліп, тиісті шешім қабылданды, бұл оның базасын ұлғайтады, соның ішінде IPO өткізу үшін", – деп түсіндірді қор басшысы.

Бұл ретте қор басшысы ҚТЖ қарыздарын өзі басқарып келе жатқанын атап өтті.

"ҚТЖ үшін жарияланған реформалық бағдарлама негізінде, ҚТЖ желісі арқылы транзиттің, атап айтқанда Қытай-Еуропа транзитінің, қызмет көрсетудің ұлғаюына байланысты өзінің қарыздық міндеттемелерін толықтай орындай алады деп сенеміз", – деді "Самұрық-Қазына" Қорының басқарма төрағасы.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу