Семейде 500 орындық Оқушылар сарайы салынады

356

Көпфункционалды орталық Абай облысын дамытудың кешенді жоспары аясында бой көтереді.  

Семейде 500 орындық Оқушылар сарайы салынады Фото: semeynews.kz

Үш қабатты нысанда бассейн, фитнес, жекпе-жек залы, нейроробот техникасы, бағдарламалау кабинеттері мен кітапхана болады, деп жазады inbusiness.kz.

Бүгін қаланың сол жағалауында тұрғызылатын ғимараттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Облыс орталығында 51 мың оқушы бар. Соның 11 мыңнан астамы  әртүрлі үйірмелерге қатысады. Орталық ашылған кезде оқушылардың 41 проценті қосымша білім беру мекемелеріне баруға мүмкіндік алады.  

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың сөзінше, оң жақ жағалауымызда бізде осы секілді Балалар сарайы бар. Бірақ та ол біріншіден оң жақ жағалауда. Екіншіден, өздеріңіз білесіздер, оның енді заманауи жабдықтары аз. Сол жағалауда салу үшін біз қазіргі кезде тиісті құжаттарды дайындап жатырмыз, осы наурыз айынан бастап жасалатын болды. Мұнда робототехника кабинеттері болады, бокспен шұғылданатын, бүкіл спорттық ұйымдар болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу