Сенат Араб Әмірліктерімен Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялады

493

Биылғы 1 қазандағы есеп бойынша Қазақстанда Біріккен Араб Әмірліктерінен капиталының қатысуымен 371 заңды тұлға тіркелген. 

Сенат Араб Әмірліктерімен Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялады Фото: google

Бүгін, Сенатта "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңы жобасы қабылданды, деп жазады inbusines.kz тілшісі.

Біріккен Араб Әмірліктері - Қазақстанның таяу шығыстағы негізгі сауда-экономикалық серіктесі.  Екі ел арасында 5,1 млрд АҚШ долларына 22 жоба іске асу сатысында тұр.

"Келісім бойынша екі ел аумағында Уағдалаушы тараптардың ұлттық заңнамаларына, сондай-ақ халықаралық құқықтық қолданатын нормаларына сәйкес  инвестицияларды толық қорғау және қауіпсіздік шаралары ұсынылған", дейді заң жобасы бойынша баяндама жасаған сенатор Бауыржан Қаниев.

Ал, сенатор Ерік Сұлтановтың айтуынша, келісімді ратификациялау екі ел арасындағы сауда - экономикалық ынтымақтастықты   нығайтуға  бағытталады.

"Келісімде өз міндеттемелеріне және Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік шарттарына нұқсан келтірмей, бірде бір Уағдаласушы Тарап өз аумағында кемсітушілік салдары бар өз өнімдерін өндіру, сатып алу, пайдалану, немесе осыған ұқсас  сатып алуға қатысты екінші Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларына міндетті шаралар қолданбауға тиіс деген талап белгіленеді", - дейді Ерік Сұлтанов.

Оның айтуынша, бұл заң жобасына қатысты Сенаттың тұрақты комитеттерінен ескертпелер мен ұсыныстар келіп түспеген. Сенат депутаттары аталған заң жобасын мақұлдады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу