ШҚО-да әскери қызметші суицидке барды

924

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

ШҚО-да әскери қызметші суицидке барды

Өскемендегі 3477 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша әскери қызметші өзін басынан атып көз жұмды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

"2021 жылғы 29 мамырда 3477 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі лауазымындағы қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов бекітілген қарудан өзінің басына оқ атып, салдарынан қаза болды", - деп жазылған ресми хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр және қызметтік тергеу тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу