Щучье-Бурабай курорттық аймағының туристік имиджіне шамамен 1 млн АҚШ доллар жұмсалмақ

585

Мемлекеттік сатып алулардың тапсырыс берушісі – "ҚР Президентінің Іс Басқармасы" ММ. 

Щучье-Бурабай курорттық аймағының туристік имиджіне шамамен 1 млн АҚШ доллар жұмсалмақ Фото: baq.kz

Сатып алулардың негізгі мақсаты туристер ағынын ұлғайту, келушілердің сұранысын қанағаттандыру, туристік қызметтің сапасын арттыру деп көрсетілген, деп жазады inbusiness.kz

Щучье-Бурабай курорттық аймағының туристік зонасын құру және дамытуға аймақтың қолайлы туристік имиджін құру және нығайту; курорттық аймақтың тартымдылығын арттыру және танымал ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; өңірдің туристік инфрақұрылымын дамыту; өңірдің мәдени тұтастығын, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық жүйелері мен биологиялық әртүрлілігін сақтай отырып, туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру жатады.

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Бурабай кенті, Щучье-Бурабай курорттық аймағы.

Туристік аймақты құру және дамыту, Щучье-Бурабай курорттық аймағының тартымдылығын арттыру мақсатында 2023 жыл ішінде тұрақты түрде бірқатар қызметті іске асыру қажет. Атап айтқанда, ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және туристерді ақпараттандыру бойынша қызметтер, оның ішінде online режиміндегі қызметтер; туристік объектілерді, оның ішінде жылумен жабдықтау желілері мен энергиямен жабдықтау нысандарында сапалы қызмет көрсету бөлігінде жаңғырту, демалушылар мен туристердің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру (мұражайларға, көрмелерге, концерттерге, форумдарға, Щучье-Бурабай курорттық аймағының көрнекті орындарына бару); ақпараттық орталықтарды ұйымдастыру (колл-орталық, веб-сайт, мобильді қосымша, әлеуметтік желілер), оларға қызмет көрсету арқылы туристік ағынды арттыру мақсатында Щучье-Бурабай курорттық аймағының туристік әлеуеті туралы демалушылар мен туристерді хабардар ету  және т.б.

18 желтоқсанда өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу