Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен есірткі тәркіленді

347

26 жастағы күдікті қамауға алынды.

Шымкентте деструктивті діни ағым өкілінен есірткі тәркіленді Фото: Polisia.kz

Шымкент қаласы аумағында есірткі таратумен айналысқан деструктивті діни ағым өкілі ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер күдіктіні ұстау үшін арнайы операция ұйымдастырып, оны қылмыс үстінде қолға түсірді. 26 жастағы қала тұрғынынан есірткіге ұқсас хош иісті зат салынған полиэтиленді пакет табылды. 

Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың марихуана екенін растады. Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Аталған азамат бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

Ол 2019 жылы ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша, ал 2020 жылы ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік басқару құқығынан айырылған және масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотталған. Қазіргі таңда ер адам қамауда. Сотқа дейінге тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу