Шымкентте түнгі клубқа келушілердің шұлықтарынан есірткі табылды

355

Олар есірткінің бір реттік дозасын қолданып көрмек болған.

Шымкентте түнгі клубқа келушілердің шұлықтарынан есірткі табылды Фото: Polisia.kz

Шымкентте полицейлер түнгі клубқа келушілердің шұлықтарынан есірткі тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Рейдтік іс-шаралар барысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы түнгі клубтардың бірінің кіреберісінде тыйым салынған заттар бар деген күдікпен екі жасты тоқтатқан. 

Тексеру нәтижесінде 22 жастағы бойжеткеннен ұнтақты заты бар шағын полиэтилен пакеті табылды. Тәртіп сақшылары дәл осындай ұнтақты оның 19 жастағы досынан да тапты. Олар есірткінің бір реттік дозасын қолданып көру мақсатында шұлықтарына жасырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу