Шымкентте зейнеткер аурухана терезесінен құлап кетті

497

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Шымкентте зейнеткер аурухана терезесінен  құлап кетті Фото: otyrar.kz

Шымкентте 72 жастағы ер адам № 1 қалалық аурухананың үшінші қабатының терезесінен құлап көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz otyrar.kz порталына сілтеме жасап. 

Ресурстың жазуынша, қайғылы жағдай 18 мамыр түнгі сағат 23:30 шамасында болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, зорлық-зомбылықпен өлім белгілерінсіз ер адамның денесі табылған.

"Оқиға орнында хабарланғандай, зейнеткер өз-өзіне қол салмақ болғаннан кейін ауруханаға түскен. Бұл нұсқаны Денсаулық сақтау басқармасы әлі расталған жоқ. Марқұмның отбасы мен балалары бар. Куәгерлердің сөзінше, бірнеше күн бұрын зейнеткерге баласы келген. Қазіргі таңда барлық нұсқалар тексеріліп, оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген портал таратқан мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу