Шымкентте жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты

543

Салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Шымкентте жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты Фото: google.com

16 тамыз түнгі сағат 03:00 шамасында Абай даңғылы бойында Opel vectra автокөлігі мен Yamaha мотоциклі соқтығысты, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салдарынан 28 жастағы мотоцикл тізгіндеушісі оқиға орнында қайтыс болды. Ал Opel жүргізушісі мен 3 жолаушысы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 

Аталған жайтты Шымкент ҚПД Анықтау басқармасы ҚР ҚК  345-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ тіркеді.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу