Siri мен Алиса қазақша сөйлеу үшін не керек?

230

Бұл бағытта қазақ тілін дамыту өте маңызды міндет. 

Siri мен Алиса қазақша сөйлеу үшін не керек? Фото: mentamore

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“IT саласы мен жасанды интеллект туралы айтқанда, қазақ тілін дамыту өте маңызды міндет. Siri, Алиса және басқа да жүйелер қазақша сөйлеу үшін не істеу керек? Қолданылу тұрғысынан алғанда қазақ тіліндегі сөздердің үлкен көлемі қажет. Алгоритм белгілі бір сөздің нақты мағынасын түсінетіндей бір сөзді 500 не одан да көп мағынада қолдану керек шығар”, - деп атап өтті ол Мәжілісте өткен комитет отырысында.

Оның сөзінше, жасанды интеллект жүйелері қазақ тілінде тиімді жұмыс істеуі үшін әртүрлі мағынада қолданылатын сөздер мен сөз орамдары құрастырылған. 

Асхат Аймағамбетов бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізілгенін баса айтты. 

Депутат қолда бар деректерді жасанды интеллект платформаларын әзірлеушілерге беруді ұсынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу