Солтүстік – Оңтүстік дәлізі бойынша Үндістанға жүк жөнелтілді

498

"Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізі Қазақстан, Ресей, Түрікменстан және Иран аумақтары арқылы өтеді.

Солтүстік – Оңтүстік дәлізі бойынша Үндістанға жүк жөнелтілді

Жүктерді "Солтүстік-Оңтүстік" құрлық дәлізіне қайта бағдарлау аясында Мәскеу облысының Чехов станциясынан (РФ) Нава-Шева портына (Үндістан) пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілді, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Ресейден Үндістанға жүк жөнелту бойынша жаңа көліктік-логистикалық шешімді "KTZ Express"  АҚ мен "РЖД Логистика" АҚ бірлесе әзірлеген.

Қырық қырықфуттық контейнерден тұратын пилоттық пойыз тағайындалған станцияға құрылыс материалдарын жеткізеді. Ресей, Қазақстан, Түрікменстан, Иран және Үндістан аумақтары арқылы өтетін теміржол маршрутының ұзындығы 8 мың км-ден асады.

Еске сала кетсек, биыл маусым айында Қазақстан, Түрікменстан және Иран арқылы Түркияға құрлықтық дәліз бойынша пилоттық контейнерлік пойыз жөнелтілген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу