Субсидия алғысы келген шаруалардан қосымша анықтамалар талап етілмейтін болады

478

Өйткені талап етілетін ақпарат интеграция арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады деп көзделіп отыр.

Субсидия алғысы келген шаруалардан қосымша анықтамалар талап етілмейтін болады

Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті субсидиялаудың жаңа жүйесін әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің негізгі талабы – субсидиялау көлеміне байланысты абоненттік төлем түрінде алынатын субсидиялау тетіктеріне қолжетімділік үшін ақыны алып тастау болып отыр. Бұл заңды талап. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қолдау (субсидиялау) шаралары мемлекеттік қызмет болғандықтан тегін көрсетілуі керек. Бұл қызметтерді 200 мыңнан астам агроқұрылым алып отыр", – дейді ведомстводан.

Пандемияның басында ай сайынғы төлемді біржақты көтеру кезеңінде фермерлерге субсидия алу тиімді болмаған. Өйткені төлем мөлшері субсидияның көп бөлігін құраған немесе одан асып түскен. Осыған байланысты фермерлерге балама ұсыну мақсатында 2021 жылдың соңынан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі "АӨК мемлекеттік субсидиялаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін" (МСБАЖ) әзірлеп жатыр.

Министрлік, бұл жүйе фермерлер мен жалпы мемлекет үшін оң әсер ететініне сенімді. 

Біріншіден, бұл жүйеде АӨК субсидиялау бойынша барлық мемлекеттік қызметтер электрондық форматта көрсетіледі.

Екіншіден, фермерлер үшін субсидиялау қызметтері тегін болмақ, яғни қосымша ақы алынбайды.

Мал шаруашылығы, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы, инвестсубсидиялау және басқа да бағыттар бойынша барлық қызметтер әр түрлі ақпараттық жүйелерде емес, бірыңғай жүйеде көрсетіледі.

Сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардан (фермерлерден) субсидияларды алудың орындылығын растау үшін қосымша анықтамаларды талап ету қажеттілігі жойылады, өйткені талап етілетін ақпарат интеграция арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады деп көзделіп отыр.

Қазіргі уақытта өтінім берілген сәттен бастап субсидия төленгенге дейін субсидиялау бойынша көрсетілетін қызметтерді техникалық пысықтау аяқталды. Субсидиялардың барлық түрлері бойынша автоматты есеп айырысуларды пысықтау жұмыстары аяқталуға жақын (96 паспорт). Автоесептеу модулі өтінімді қабылдау кезеңінде қолданыстағы НҚА сәйкес, адами факторсыз тиесілі төлемді есептеуге мүмкіндік береді.

"2022 жылдың 1 шілдесінде жүйе іске қосылып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тіркеуге дайын болады. Қызмет алушылардың өтініші үшін бірыңғай 1475 қысқа нөмір ашылды. Сондай-ақ пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Телеграмм-чат құрылды https://t.me/gosagrozapusk . 

Субсидиялаудың неғұрлым тиімді тетіктерін іске асыру үшін МСБАЖ-ны өндірістік қуатқа шығару жөніндегі жұмыс көрсетілетін қызметті берушілермен (әкімдіктер) және көрсетілетін қызметті алушылармен (фермерлер) тығыз байланыста жалғасатын болады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу