"Суға сүзгі орнатамыз": Петропавлда зейнеткердің 100 млн теңгесін ұрлағандар ұсталды

254

Қомақты қаражатты жымқырған ұрыларды криминалист қораптағы аяқ іздері арқылы тапқан.    

"Суға сүзгі орнатамыз": Петропавлда зейнеткердің 100 млн теңгесін ұрлағандар ұсталды Фото: polisia.kz

2023 жылғы маусымда петропавлдық зейнеткердің үйіне суға арналған "Аквафор" сүзгісі құрылғысын тиімді жеңілдікпен орнатуды ұсынып екі жас жігіт барған, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жас жігіттер уәде еткен жұмысты орындап, еш күдік тудырмаған. Зейнеткер көрші бөлмеден ақша алып шығып, құрылғы үшін төлем жасаған. Осы сәтте жігіттердің бірі ақша жасырылған жерді байқап қалған. Олар зейнеткерді алдамақ болып, түрлі айлаға барған. Олардың біреуі әжейді сөзге айналдырса, екіншісі көрші бөлмеге жасырын кіріп, 100 млн теңге қаражатты жымқырған.

Ал әйел ақшаның қолды болғанын да сезбей, оны бірнеше күн өткеннен кейін ғана білген.

Петропавл полиция басқармасының аға криминалисі Ербол Мусин пәтерді мұқият қарап шығып, сүзгі құрылғысының қорабынан күдіктілердің ізін тапқан.

Олар Қостанай облысының тумасы болып шықты және біреуінің Петропавлда тұрақты тұратыны анықталды.

Күдіктілер ұсталып, ақшаның бір бөлігі иесіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу