Таиландтағы сайлауда оппозиция жеңді

474

Жаңа Үкімет 6 партиялық коалиция құрады.

Таиландтағы сайлауда оппозиция жеңді Фото: AP

Таиландта өткен парламенттік сайлауда оппозиция жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.

Биыл дауыс бергендердің қатары 75 пайыздан асып, рекордты көрсеткіш орнатты. Сарапшылар бұған халықтың наразылығы басты себеп болды дейді. Өйткені, 2014 жылы төңкеріс негізінде билікке келген әскерилердің үкіметі елді 9 жыл басқарған.

Көп дауыс жинаған "Алға" партиясы 500 орынның 151-іне, ал "Тайлықтар үшін" партиясы 141 мандатқа ие болды. "Алға" партиясы коалиция құруды ұсынып, оған "Таилықтар үшін" партиясы келісім берді. 

"Таиланд халқы өз таңдауын жасады. Мен барлық адам үшін премьер-министр болуға дайынмын. Тіпті, маған қарсы дауыс бергендердің талап-тілегін ескермекпін. "Таилықтар үшін" партиясының жетекшісін жанкешті еңбегі үшін құттықтадым  және оны бұрынғы оппозицияның 5 партиясы кіретін коалицияға қосылуға шақырдым", - деді "Алға" партиясының жетекшісі Пита Лимчароенрат. 

Ал сайлауда бірін-бірі қолдаған әскерилердің қос партиясына әрқайсысына 55 және 50 орыннан ғана бұйырды. Опозиция осы жолы негізінен жастарға арқа сүйеді. Демократиялық күштердің басымдыққа ие болуы жергілікті азаматтардың шынайы өзгерістерді қатты қалағанын көрсетеді, дейді сарапшылар. 

"Алға" партиясы әлеуметтік саясатты ту қылып ұстады. Сондықтан оларды халық қолдап отыр. Тұрғындар әскерилердің диктаторлығынан шаршады. "Алға" партиясы тіпті осы сайлауда "Таилықтар үшін" партиясынан да басым түсті. "Таилықтар үшін" партиясы 2001 жылдан бері жеңіліп көрмеген нағыз популистік қозғалыс болатын", - деді саяси ғылымдар профессоры Титанан Понгсудирак. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу