Тәліптер Түркіменстаннан газ құбырын тарту үшін барын салады

305

Кабулда тау-кен өнеркәсібі және мұнай министрінің міндетін атқарушы шейх әл-Хадис Шахабуддин Делавар TAPI Pipeline Company басшысы Мұхамметмырат Амановты қабылдады. 

Тәліптер Түркіменстаннан газ құбырын тарту үшін барын салады Фото: eadaily

Ауғанстанды билеп отырған тәліптер Түрікменстан-Ауғанстан-Пәкістан-Үндістан (ТАПҮ) газ құбыры жобасын іске қосу үшін бар күш-жігерін салуға уәде берді, деп жазады Inbusiness.kz.

Ауғанстан министрлігінің хабарлауынша, екі тарап та жобаны іс жүзінде жүзеге асыру туралы пікірлерімен бөлісті.

"Бұл жобаны іске асыру үшін барлық қажетті жағдайлар, соның ішінде сенімді қауіпсіздік қарастырылған және Ислам әмірлігі бұл жобаны жүзеге асыру үшін барын салады", — деді Ауғанстанның тау-кен өнеркәсібі және мұнай министрінің міндетін атқарушы.

Ауғанстан мен тәліптердің өздері ТАПҮ газ құбырының сақтығына кепілдік беріп, жұмысты бастауды сұрауы бірінші рет емес.

Ұзындығы 1800 шақырымнан асатын және құны $10 млрд болатын ТАПҮ газ құбыры арқылы 30 млрд текше метр газ беру жоспарлануда. Ол 2015 жылдың соңында салына бастады, бірақ ұзындығы 200 шақырымнан аспайтын түрікмен учаскесі ғана аяқталды. Түркіменстанның ТАПИ жобасында 85%, ал Ауғанстан, Пәкістан мен Үндістанның 5%-дан үлесі бар.

Соңғы уақытта тараптар жобаның әртүрлі тақырыптары бойынша келіспей қалғандары бар. Мысалы, Исламабад Ашхабадтан газ бағасының формуласын қайта қарауды талап етті және Ауғанстан арқылы жанармай транзитінің салдарымен күресуден бас тартты. Пәкістан бұл мәселелерді елде газ құбырының құрылысы басталғанға дейін шешу керек деп мәлімдеді.

Дегенмен Ауғанстан аумағында ТАПҮ салу мен пайдаланудың қауіпсіздігі —  жобаның негізгі проблемаларының бірі болып қала бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу