Теміртауда бес қабатты үйде газ баллоны жарылды

501

Жапа шеккендер бар.  

Теміртауда бес қабатты үйде газ баллоны жарылды Фото: ekaraganda.kz

Теміртауда бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде газ баллоны жарылды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама 13 наурыз сағат 13:56-да келіп түскен.

"Қызыл жалын ТЖД күштерімен сағат 14:19-да жойылды. Өрттің аумағы 6 шаршы метрді құрады. Пәтерде болған 7 адам түрлі дәрежедегі күйік алды. Оның ішінде бесеуі – балалар.  Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Жарылыс салдарынан пәтер аралық қабырға, алдыңғы есік пен кіреберістің терезе блоктары зақымданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу