Теңге рубльге қатысты нығаюы керек – Николя Бланше

780

Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссия басшысы Николя Бланше журналистердің теңге бағамына рубль қалай әсер етіп жатыр деген сұрағына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

Теңге рубльге қатысты нығаюы керек – Николя Бланше

"Теңге бағамы рубльге қатысты нығаюы керек. Себебі теңгеге деген сұраныс басым болады. Біз соңғы айларда ресей рублінің долларға қатысты нығаюын көрдік. Бұл Қазақстандағы теңгенің жағдайын анықтайтын негізгі фактор. Бұл белгілі бір дәрежеде инфляцияға да әсер етеді", – деді Николя Бланше. 

Оның айтуынша, Ресейден мигранттардың келуі айырбас бағамына, пәтер жалдау ақысына және басқа да факторларға әсер етіп жатыр. 

"Бұл жағдайға қатысты деректерді көрмегеннен кейін нақты айта алмаймыз. Жағдай қалай өрбитінін көрейік", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу