Теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,6%-ға әлсіреді

940

 Өткен аптада сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға орын алды. 

Теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,6%-ға әлсіреді

Қазақстан Ұлттық банкі ақпаратына сәйкес, сауда-саттықтың қорытындылары бойынша 24 қаңтарда теңгенің нарықтық бағамы бір аптада 0,6%-ға әлсіреп (377,51-ден), бір АҚШ доллары үшін 378,60 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2020 жылғы 17-24 қаңтар аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиға орын алды. Коронавирустың Қытайда таралуы жаһандық инвесторлардың әлемдік экономиканың өсу перспективалары туралы алаңдаушылығын тудырды. Еуропалық орталық банк (ЕОБ) негізгі мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылдады, ЕОБ президенті Кристин Лагард базалық инфляцияның қалыпты өсу белгілерін атап өтті. Ұлыбританияның еңбек нарығының есебіне сәйкес, соңғы 40 жылдағы жұмыссыздық деңгейі - 3,8% болды.

Осы факторлар АҚШ доллары бағамын дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.

Ресей рублі мұнай бағасының құлдырауы және экспорттаушылардың салық төлемдерін аяқтауы аясында 0,9%-ға (61,6-дан 62,16-ға дейін) әлсіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу