"ҚТЖ" мен Қытайдың Huawei компаниясы бірлесіп құрған жаңа Инновациялық орталығы ашылды

414

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

"ҚТЖ" мен Қытайдың Huawei компаниясы бірлесіп құрған жаңа Инновациялық орталығы ашылды Фото: akorda.kz

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, аталған орталық "Ақылды темір жол" жобасын жүзеге асыру мақсатында құрылған. Мемлекет басшысына теміржол көлігі жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдер таныстырылды. Жобалар IT және телекоммуникация салаларындағы әлемнің жетекші компанияларын тарта отырып іске асырылуда.

Бүгінде Қазақстан теміржолы PSA компаниясымен бірлесіп, Транскаспий бағытында тұтас цифрлық дәліз әзірлеп, іске қосты. Жүйе уақытты үнемдейді және тасымалдау процесін барынша ашық, ал Қазақстанды сауда ағындары үшін тартымды етеді. Wabtec компаниясының локомотивтерін тиімді пайдалану жөніндегі пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Бұлтты шешімдерді, Big Data, Интернет заттар (IoT) және жасанды интеллектіні (AI) пайдалана отырып, "Қазақстан теміржолының" инфрақұрылымы мен қызметтерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Президент Көлік-логистика және Инновация орталықтарын ашу маңызды екенін атап өтті.

"Бұл – "Бір белдеу, бір жол" жаһандық бастамасы бойынша іске қосылған жоба. Қазақстан Төраға Си Цзиньпин 2013 жылы біздің елімізде жариялаған ірі жобаны толығымен қолдайды. Осы бастаманың арқасында орталықтың құрылысы қысқа мерзімде аяқталды. Мұның барлығы – екі ел арасындағы табысты серіктестік нәтижесі. Бұл жоба Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға жаңа серпін бермек. Сондай-ақ Еуразиядағы сауда-экономика ынтымақтастығын нығайта түседі деп санаймын. Осы орталықтың сапалы салынуына Қазақстанның және Қытайдың көптеген мамандары атсалысты. Мен бүгін баршаңызға ризашылығымды білдіремін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу