Трампқа қарсы импичмент жарияланғалы жатыр

847

Өкілдер палатасы Трампты биліктен ығыстырудың бар амалын ойлап жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Трампқа қарсы импичмент жарияланғалы жатыр

Бүгін Конгресс 25-өзгерісті пайдалана отырып жасалған қарарды, содан кейін импичмент жариялау мәселесін талқылайды. Құжат мақұлданса, вице-президент Майк Пенс "Трамп өз міндетін атқаруға шамасы жетпейді" деп мәлімдеме жасауы керек. Содан кейін билікті өз қолына алады.

Өкілдер Палатасының спикері Нэнси Пелоси осы шешімді шығару үшін 1 тәулік мүмкіндік беріп отыр. Оның пікірінше, Трамп ел қауіпсіздігіне нұқсан келтірді. Конституция мен демократия құндылықтарына қайшы әрекет жасады. Демократтардың бұл әрекеті Ақ үй жетекшісін қайтадан билікке келу мүмкіндігінен айырады.

Естеріңізде болса, ол соңғы сөзінде 4 жылдан соң қайтадан саяси сахнаға шыққысы келетінін аңғартқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу