Түркияның бірнеше қаласында сел жүріп, 2 адам қаза тапты

524

Измир қаласы су астында қалды.

Түркияның бірнеше қаласында сел жүріп, 2 адам қаза тапты Фото: Cumhuriyet

Түркиядағы дауыл мен нөсер салдарынан 2 адам қаза тауып, 10 шақтысы жараланды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Тоқтаусыз жауған нөсерлі жаңбыр түркиялықтарды әбден әбігерге түсірді. 

Жолдар суға толып, үйлер мен жұмыс орындары зардап шекті. Кейбір провинциялар мен аудандарда мектептер уақытша жабылды. 

Метеорология Бас дирекциясының ескертулерінен кейін оңтүстік-батыстан соққан жел мен қатты жаңбыр күшіне еніп, көптеген провинцияларда дауыл салдарынан жағымсыз жағдайлар орын алды.

Апат және төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, табиғи апат салдарынан Синоп және Конья қалаларында 2 адам қаза тапқан. Ал 10 адам жараланған. Оның төртеуі әскери қызметкерлер.

Түркияның Измир қаласында Каршыяка және Конак аудандарында толассыз жауған жаңбырдан кейін теңіз тасып, салдарынан жолдарды, көптеген жұмыс орындарын, пәтерлер мен дүкендерді су басты.

Измир қалалық муниципалитетінің мэрі Тунч Сойердің айтуынша, "теңіз толқыны" деп аталатын апаттың цунами әсерін тудырған және теңіз жүздеген метр ішке қарай ілгерілеген, шамамен 400 жұмыс орнына зақым келгенге ұқсайды.

Бұдан бөлек Манавгат ауданындағы Сиде портында желдің әсерінен пайда болған асау толқындар ұзындығы 6-8 метр болатын 4 қайықты батырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу