ҰҚК заңсыз көші-қонға қатысты тексеруді бастады

320

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

ҰҚК заңсыз көші-қонға қатысты тексеруді бастады Фото: gov.kz

17 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру), деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық іс бойынша жан-жақтылық, толықтылық пен объективтілікті қамтамсыз етуге бағытталған бірқатар тергеу амалдары жүргізілді.

"Бұл әрекеттер ұйымның коммерциялық және өзге жұмысына кедергі келтірмейді.

Ешкім ұсталмады.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді", делінген ҰҚК хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу