ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары тәжік-ауған шекарасындағы жағдайды бағалады

428

Бұл туралы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының баспасөз қызметі хабарлады. 

ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары тәжік-ауған шекарасындағы жағдайды бағалады Фото: ҰҚШҰ баспасөз қызметі

ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Тахир Хайрулоев 27-31 Наурызда ҰҚШҰ-ның нысаналы мемлекетаралық бағдарламасын пысықтау жөніндегі жұмыс тобының құрамында Тәжікстан Мемлекеттік шекарасының тәжік-ауған учаскесіне барғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аталмыш сапар Тәжікстан шекара әскерлерінің қару-жарақ, әскери техника мен шекараны күзетудің техникалық құралдарына деген қажеттіліктерін анықтау үшін ұйымдастырылды.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жұмыс тобының мүшелері мен шекара қызметтерінің сарапшылары "Пяндж", "Хамадони", "Шурабад" пен "Дарваз" шекара отрядтарының учаскелерін аралады.

"Сапар қорытындысы бойынша Тәжікстан Республикасының Шекара әскерлерінің жағдайын, жай-күйі мен қару-жарақпен, техникамен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілуін бағалайтын есеп дайындалды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу