Жамбыл облысында 8 мектеп пайдалануға беріледі

686

Жыл соңына дейін өңірде 8 мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жамбыл облысы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамалов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жамбыл облысында 8 мектеп пайдалануға беріледі

"Биыл 19 мектеп құрылысы жүргізіліп, 4 мектепке қосымша ғимарат салынып жатыр. 14 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Жыл соңына дейін 8 мектеп пен 3 мектепке қосымша ғимарат пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр", - деді басшы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Талғат Жамалов облыс орталығында Оқушылар сарайы салынып жатқанын айтты.

"Онда балалар "Планетарий", "Обсерватория", түрлі лабораториялар және негізгі білім беру бағдарламасына сәйкес аэроквантум, ІТ-квантум, автоквантум, робоквантум, өндірістік дизайн және тағы басқа бағытта қосымша білім алады", - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу