Жас ғалымдар кеңесі құрылды

367

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында алғаш рет Жас ғалымдар кеңесі құрылды.  

Жас ғалымдар кеңесі құрылды Фото: qazscience.gov.kz

Оған барлығы 23 адам мүше. Жастар академияның сараптамалық-зерттеу жұмысына, ғылымды дамыту ісіне атсалысып, ғылым жөніндегі ұлттық баяндаманы әзірлеуге қатысады, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен қатар жас зерттеушілердің құқығын қорғайтын заңгер-омбудсмен лауазымы енгізілді.

Академияның мәліметінше, қазір елде ғалымдардың жалпы саны 22 мыңнан асады. Жалпы елімізде 813 дарынды жас ғылыммен айналысады.

"Жас ғалымдармен жаңа форматта жұмыс істеу, жас ғалымдардың кеңесін құру. Бұл кеңес Қазақстан бойынша жас ғалымдардың басын біріктіру. Бұл академияның жаңа старатегиясының жас таланттарды ғылыми ортаға тартудың бір бөлігі болады", - деп мәлімдеді ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу